Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылыми-зерттеу қызметі департаменті профессорларға, ғалымдарға, постдокторанттар мен докторанттарға "Web of Science деректер базасын және қазіргі заманғы ғылымометриялық әдістемелерді пайдалану" атты конференция-семинар өткізді. Спикер ретінде PhD докторы, ТМД елдеріндегі Clarivate компаниясының ресми өкілі, ғылымометрия жөніндегі маман, ядролық-энергетикалық қондырғыларға арналған құрылымдық және функционалдық материалдар саласындағы зерттеуші Кенжина Инеш Ерғазықызы - web of Science Core Collection деректер базасында 74-тен астам мақаланың авторы (Web of Science-15 деректер базасындағы Хирш индексі) сөз сөйледі.
Семинарда ғалымдарға мақаланы неғұрлым сапалы жинау және рәсімдеу, жабдықтар мен бағдарламаларды дұрыс пайдалану, IMRAD мәтінінің құрылымын ұстану, Web of Science құралдарының көмегімен журналды тікелей таңдаудың тәсілдері, ашық қолжетімділік пен дәстүрлі модельдің арақатынасы туралы ұсыныстар берілді.
Конференция қатысушыларын: дәйексөз жиі келтірілетін басылымдар, қай журналдарға мақала жазу оңай, журналдың басылым моделі мен саясатын қалай анықтауға болатындығы қызықтырды.
Семинар ШҚТУ ғалымдарына ғылымға қосқан үлесін арттыруға, өз қызметінің нәтижелілігін арттыруға және жарияланымдардың дәйексөзін арттыруға өз көмегін тигізеді.