Бүгін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне оқу бағдарламаларын аккредитациялау бойынша ASIIN агенттігінің сыртқы сарапшылық комиссиясы келді.

Апта соңына дейін комиссия мүшелері Сәулет және құрылыс мектебінің қызметін, жұмысын бағалайды. Атап айтқанда, "Сәулет" және "Құрылыс" бакалавр, магистратура білім беру бағдарламалары аккредитациядан өтпек.

Комиссия мүшелері Ольденбург қаласының (Германия) Нефрит қолданбалы ғылым университетінен Лутц Бекманн, Билефальд қаласының (Германия) Қолданбалы ғылым университетінен Йоханнес Вайниг, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясынан Глаудинова Мехрибану Бекримжанқызы, GoldenBuildGroup-тен Шахмов Жанболат Ануарбекұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттік өкілі Ерзатова Мерейді және АСИИН өкілі Янна Сумкеттерді университетіміз жылы шыраймен қарсы алды.

Сәулет және құрылыс мектебіне сәттілік, кіршіксіз қызмет, жаңа белестерді бағындыруын тілейміз!