Қазақстан Тәуелсіздік күні-Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі.

Д.Серікбаев атындағы жоғары IT-колледжінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған "Ұлы дала - Тәуелсіз ел " интеллектуалды сайыс өткізілді. Бұл білім сайысының мақсаты 1 курс студенттерінің білім деңгейін жетілдіру, еліміздің тарихына және ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен студенттерді қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Іс-шара барысында 1 курс студенттеріне базалық пәндер бойынша сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар берілді. Интеллектуалды сайыс 3 кезеңнен тұрды.

  • 1 - кезең: «Бәйге»
  • 2 - кезең: «Керемет бестік»
  • 3 - кезең: «Тәуелсіздік тұғырым»

Әрбір кезеңге белсене қатысып өз білімімен көзге түскен 5-ОД-1р тобының студенті Хихлов Валерий «Тапқыр бала» номинациясымен, үздік постер үшін «Жастар» тобы «Шебер қолдар» номинациясымен марапатталды. Өздерінің алғырлығын, біліміділігін, жан-жақты екендерін дәлелдеп «Армандастар» тобының мүшелері Гончаренко Кирилл, Телеукан Алишер, Мерзлых Дарья І орын алғандығы жайлы мадақтамалармен марапатталды.

Интеллектуалды сайымысымыздың соңын «Атамекен» атты патриоттық ән шырқаумен аяқтап, қатысушылар да көрермендер де көтеріңкі көңіл күймен қайтты.