Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының меценаты, кәсіпкер Раббим Борашевтің ерлігін білесіз бе?
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай 1750 шақырымды велосипедпен еңсерген батыр Шығыс Қазақстан техникалық университетінің түлегі.
Отансүйгіштікті сөзбен емес, іспен дәлелдеген Раббим Борашев биыл Астана - Абай - Өскемен - Мұзтау бағытында сапарға шықты. 23.06.2022 ж. сағ 8-де басталған шабыстың бір межесі 04. 07. 2022 ж. күні Өскеменге тірелді.
Велоспортшы өзі кәсіби білім алған Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға келіп қайтты. Осылайша, кәсіпкер спортшы 1984 жылы, яғни, 38 жыл бұрын бітірген білім ордасына құрмет көрсетті. Айта кету керек, Раббим Борашевтың жұбайы Айзада әпкеміз де жол-құрылыс институтында "Сумен қамту және канализация' мамандығын 1982 жылы бітірген.
Бұл сапардың соңы емес. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» демекші, ендігі мәре Алтай тауларының ең биік шыңы - Мұзтауда жатыр. Осыған орай, университет ұжымы спортшыға тек сәттілік, мұқалмас қайрат тілейді.