«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  қазақ және орыс тілдер кафедрасы мемлекеттік және орыс тілдерін білуден университет студенттерінің арасында пәнаралық олимпиада өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты болашақ мамандар арасында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, мемлекеттік және орыс тілдерін терең меңгерген студенттерді анықтау және ынталандыру болып табылады. Олимпиада екі кезеңнен тұрды – орыс тілінен жазба түрінде диктант жазылды, қазақ тілінен оқу сауаттылығын анықтау, лексика-грамматикалық тестерді шешу және тыңдалған мәтін бойынша тапсырмаларды орындау сынды жұмыстар түрінде өткізілді. Ауызша кезеңінде монолог оқу және жағдаяттық тапсырмалар орындалды.

Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі