УрФУ халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Тушин Сергей Геннадьевич ШҚТУ-ға жұмыс сапарымен келді. Басқарма мүшесі - Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ертай Султанұлы Сергей Геннадьевичпен кездесті.

Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Урал федералды университеті 1920 жылы құрылған. Онда 12 факультет бар. Қонақтардың келу мақсаты - университетпен танысу, тәжірибемен алмасу, түрлі бағытар бойынша бірлесіп жұмыс жасауды қарастыру.

Келген делегация Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың құзыреттер орталықтарына экскурсия жасап, танысып қайтты. Кейін УрФУ туралы презентацияны қарап, жазғы университет 2024 жобасымен таныстырды.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастық пен басым бағыттар талқыланды.