2016 жылғы 07 желтоқсанда Орталық Азиядағы технология, денсаулық және қоршаған ортаны қорғау бойынша Аймақтық өкіл Робин МакКатчен және АҚШ Елшілігінің ғылыми мәселелері бойынша көмекшісі Маржан Сырымова жұмыс бабымен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде болып қайтты.

Қонақтарды Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор О.Гавриленко, халықаралық бөлім қызметкерлері А.Гаркуша және   Е.Комекбаев қарсы алды. Экскурсия кезінде қонақтарға инженерлік бейіндегі өңірлік «Іргетас» зертханасының мүмкіншіліктері таныстырылды. Олар сонымен қатар,  университеттің ғылыми-зерттеу кешендері: "Металлургия және материалтану" ғылыми-өндірістік кешені, "Мехатроника, аспап жасау және энергетика" ғылыми-білім беру кешені және «Алтай» технопаркімен де танысты.  

  Робин МакКатчен әр зертханаға кіріп, олардың қызметтерімен танысқан сайын таңданысын жасыра алмады, ЖОО-ның жоғары ғылыми әлеуеті мен оның ғылыми талдауларының бірегейлерін атап айтты. Ол АҚШ-тың компаниялары мен университеттері Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен серіктестік байланыс орнатуға мүдделі боларына сенім білдірді.  

ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі