ШҚТУ бітіруші курстары онлайн режимде ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ кадр жұмысының басшысы –Манира Мұқышевамен кездесті. 4-5 курс студенттеріне 30-дан астам бос жұмыс орындары ұсынылды.
Манира Серікқызы филиалдың құрылу тарихы туралы айтып берді. Оның айтуынша, КЕАҚ жұмысының негізгі мақсаты қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету. Қоғамның жұмыс процестерін жетілдіру және олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін ақпараттандыру және автоматтандыру саласында озық технологияларды қолдану.
Манира ханым біздің түлектерімізді бос жұмыс орындарына шақырды және тестілеуден сәтті өтіп, сертификат алу үшін білу керек заңнамалық актілер туралы айтты. Алынған сертификат тестілеуден өткен сәттен бастап 1 жыл бойы жарамды.