Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен құттықтаймын!
Конституция ең жоғары заңдық күші бар құжат ретінде бүкіл халықтың атынан қабылданды. Түпкі мақсат еліміздің тәуелсіздігін баянды етіп, ұлы болып өркендеуіне жол ашу. Болашағы жарқын білімді ұрпақ тәрбиелеу. Әрбір қазақстандық келешекке керуен артқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін маңыздылығын сезінетіні айқын.
Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз жылдан жылға нығая берсін.
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!