Жыл сайын 9 мамырда біздің еліміз үлкен мереке – Ұлы Жеңіс Күнін атап өтеді! Әрбір қазақстандық отбасының тарихы осы айтулы оқиғамен байланысты. Бүгінгі күні, біз аталарымызға біздің Отанымызды қорғап, бізге өмір сыйлағаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Соған орай, сізге университеттің «ШҚТУ Жеңіс альманахы» бірегей жобасының қатысушысы болуды ұсынамыз.
Ол үшін Сізге келесі тақырыптарды ұсынамыз:
- «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы менің отбасымның тарихы»
- «Менің жерлестерім - тыл мен майданның батырлары»
- «Менің туыстарым - Жеңіс жауынгерлері»
- «Соғыс жылдарындағы менің өлкемнің тарихы»
Осы бойынша эссе жазып, фотоматериалдарды тауып, әңгімесі бар бейнені түсіріп, рәсімдей аласыз. Материалдарды [email protected] электрондық мекен-жайына жолдауға болады.
Бірге есте сақтаймыз! Бірге-біз мықтымыз! Біз біргеміз!