Жақсы дәстүр бойынша өтіп жатқан жылды қорытындылай келе, атқарылған жұмыстар мен жақсы нәтижелерге қол жеткізгендеріңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Біздің әрқайсымыздың жетістіктеріміз, олар үлкен болсын, кішігірім болсын, жалпы табыстың мозаикасына қосылып үлкен нәтиже берді.

Өткен жыл халықаралық аренадағы жетістіктерімізді мойындаумен есте қалады. Оған қаламыздың ауасын бақылау бойынша MIT-пен бірлескен жоба дәлел. Senseable City Lab (МІТ) жобалық тобының мүшелері ШҚТУ-да болып, студенттеріміз әлемнің ең үздік университетінің шақырылған профессорларының лекциясын тыңдаудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

2021 жылды американдық ынтымақтастық жылы деп атауға болады. Екінші серіктесіміз АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден бітірген Делавэр университеті болды.

Олармен бірге біз оқытушылар құрамын STEM пәндерін ағылшын тілінде оқытуға үйрету жобасын ұтып, сәтті жүзеге асырдық. Нәтижесінде 35 оқытушымыз ағылшын тілі, ғылыми жазу және онлайн-педагогика бойынша құзыреттілігін арттыру сертификатына ие болды, сонымен қатар Делавэр университетінің жаңартылатын энергия бойынша инновациялық білім беру бағдарламасын әзірлегені үшін жаңа грантқа ие болды.

Біз «Тәжірибеге бағытталған оқыту моделі», «Инженерлік білім берудегі көшбасшылар (LIO)», «Адам Бол» атты бірнеше академиялық жобаларды іске қостық. «Денсаулық және спорт орталығы» ашылды.

«Оқитын мектеп - оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында университетте көркем шығарма залы ашылып, BOOKCROSIBNG аймақтары ұйымдастырылды.

2021 жылы тұрақты даму қағидаттарын ұстанатын - «Green Metric» үздік университеттерінің әлемдік рейтингінде біздің университет рейтингке енген 956 үздік университеттің ТОП-130-ына енді.

Келесі маңызды әлемдік рейтингте - университеттер цифрландырудың дамуы, ашықтығы және ақпараттық ресурстарының сапасы бойынша бағаланатын «Webometrics» рейтингінде біздің университет рейтингке енген әлемнің 11987 үздік университеттерінің арасында 4110 орынға ие болды.

Ең маңызды рейтингтердің бірі - «QS EECA» әлемдік рейтингі. QS EECA-2021 рейтингінде біз рейтингке енген 450 үздік университеттің арасында 162-орынға ие болып, позициямызды айтарлықтай жақсарттық.

Біз академиялық, ғылыми-инновациялық қызметті және халықаралық ынтымақтастықты жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз, оның нәтижелері әлемдік рейтингтердегі позицияларымызды жақсартуда көрінеді.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының арасында алғашқылардың қатарында халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ISO 37001: 2016 стандарты енгізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне халықаралық сертификаттаудан өтті.

2021 жылы университеттің ғылыми топтары әртүрлі министрліктер: Ауыл шаруашылығы министрлігі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігінен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 13 жобаны жүзеге асырды. Қаржыландырудың жалпы сомасы бір миллиард алты жүз отыз миллион теңгені құрайды.

Осының барлығы профессорлық-оқытушылық құрамның басылымдық белсенділігіне әсер етіп, нәтижесінде «Бір оқытушыға және бір қызметкерге шаққандағы басылымдар саны» көрсеткішінің өсуіне ықпал етті. ВКТУ зерттеушілерінің Web of Sceince деректер базасындағы жоғары рейтингті журналдарда жариялау белсенділігі 516 және Scopus-723 құрайды.

2021 жылы 9 докторант қорғаудан сәтті өтті, ШҚТУ 15 ғалымына профессор ғылыми атағы берілді.

Жыл яғында тағы бір мақтаныш - ШҚТУ-дың 11 ғалымы халықаралық «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды.

Өткен жылдың тәжірибесі болашаққа өршіл жоспарлар жасауға, жаңа биіктерді бағындыруға мүмкіндік береді.

Баршаңызды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын және 2022 жылда сіздерге уақытты тиімді пайдаланып жаңа жетістіктерге жетуді тілеймін.

Жаңа 2022 жыл университетімізге тек жақсылықтар - жаңа жетістіктер мен жеңістер әкелсін. Денсаулық, бақыт, барлық бастамаларыңызда сәттілік және өркендеуді тілеймін!

Басқарма төрағасы – ректор
Жасұлан Шаймарданов