Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше екені рас.

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Мемлекетіміз қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде өркендеп, ілгері басып келеді.

Осы бір шуақты мерекеде Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тілеймін! Еліміздің көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін!

Басқарма төрағасы – ректор
Жасулан Шаймарданов