ҚР Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және ҚР Білім және ғылым министрі Қанат Аймағамбетовтың бұйрығына сәйкес 16 наурыздан бастап барлық университеттер қашықтықтан білім беруге көшеді.

Біздің ЖОО осы талаптарды қатаң ұстанады және қашықтықтан оқытуға толықтай дайын. Іс-қимыл алгоритімі әзірленіп, бекітілді. Барлық инфрақұрылым апробациядан өтті. Жатақханалар қосымша компьютерлермен жабдықталды. Интернетке кедергісіз кіруге жағдай жасалды. Сол себепті, студенттік үйлерде қалған жастар онлайн-лекцияларға қатыса алады. Профессор-оқытушылар құрамы онлайн сабақ өткізу бойынша арнайы курстардан өтті.

Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін! Уақытша туындаған қиындықтарды бірге жеңеміз.

 

Профессор, ШКМТУ ректоры Ж. Шаймарданов