Соңғы бір жарым жыл ішінде бізге таныс әлем өзгерді, тіпті құлдырады деп айтуға болады.
Пандемия басталғаннан біз жаңа ережелер бойынша өмір сүре бастадық: карантин, өзін-өзі оқшаулау режимі, әлеуметтік қашықтық. Бұған халық басында күмәнмен, наразылықпен, тіпті ашумен қараған еді. Бірақ уақыт өте келе біз вируспен күресте осындай шаралардың тиімді екеніне көз жеткіздік.
Бүгін біз келесі ұжымдық қадам жасауымыз керек. Бұл бізді қалыпты өмірге қайтарады. Ал ондай жағдай университетте ұжымдық иммунитет болғанда ғана мүмкін болады.
Бұл қадам бізден қандай да бір қаржылық шығындарды, іске асыруы қиын шешімдер мен іс-әрекеттерді талап етпейді. Бұл қадам-вакцинация. Вакцинация адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды.
Егер 18 ғасырда шешекпен, 19 ғасырда - оба, тырысқақ, ойық жарамен, 20 ғасырда - полиомиелит, қызылша, тұмау және басқа да қауіпті инфекциялар және вирустармен вакциналар арқылы күрес басталмаса, әлем халқымен не болар еді? Бұл сұрақтың жауабы белгілі. Вакциналардың маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Мен биология ғылымдарының докторы, профессор ретінде бұған сенімдімін, себебі паразитология ғылымы бағытында білімім бар.
Сондықтан, наурыз айында облысқа вакцинаның бірінші партиясын әкелгенде, жұбайыммен бірге барып, екпе салдырдық. Менің балаларым да вакцина алды. Егер мен күмәнданған болсам, ешқашан балаларыма вакцина салдырмас едім!
Біз кезекті вирусты ең аз шығынмен жеңетін ұрпақ боламыз деп сенемін. Еске түсірсек, Еуропада "испанкадан" 100 миллион адам қайтыс болды, бірақ қазір 21 ғасыр. Ғылымның, медицинаның даму деңгейі, технологиялық мүмкіндіктер мен қоғамның білім деңгейі бізге адам шығынын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Бұл шындықты жеке құндылықтар мен көзқарастар тұрғысынан емес, жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан түсініп, қабылдаған жағдайда ғана мүмкін болады. Біз вакцинациялауды - тек өз қауіпсіздігіміз ғана емес, жақынына деген қамқорлықтың көрінісі екенін түсінуіміз керек, өйткені медициналық себептер бойынша вакцинаны ала алмайтын адамдар біздің жанымызда жұмыс істейді. Егер олар вакцинацияланған адамдар арасында өмір сүрсе, ол азаматтарды қорғау мүмкін болады.
Біз вакцина алып, университетте ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы осы адамдардың денсаулығын сақтай аламыз.
Мен әріптестерім мен серіктестерім, әлемнің білім беру ұйымдарының өкілдері бос пайымдауларға жүгінбей, өз қызметкерлері мен студенттерін белсенді түрде вакцинациялап, оқу жылын әдеттегі форматта бастауды жоспарлап отырғанын көріп жүрмін.
Неліктен оқытушылар мен студенттерді университет қабырғасына қайтару өте маңызды? Себебі, қазіргі заманғы техникалық білім - студенттерге арнайы ортаға ену кезінде кәсіби және өндірістік тәжірибені қалыптастыратын тәжірибеге бағытталған оқыту. Мұндай орта университеттің зертханаларында құрылған, онда студенттер әртүрлі материалдарды физикалық-механикалық сынақтан өткізеді, заттардың құрамын талдайды, металдар мен қорытпалардың қаттылығын өлшейді, станоктарда металдарды механикалық өңдеу жұмыстарын жүргізеді, электр тізбектерін жинайды, ішкі жану қозғалтқышының жұмысын бақылайды және тағы басқалар. Ешқандай қашықтықтан оқыту практикалық оқытуды алмастыра алмайды. Біздің оқу жоспарымызда ол 60% - ға жетеді. Бір оқу жылы толыққанды практикалық дайындықсыз өтті, егер тағы бір жыл болса, практикалық дағдылар мен құзыреттілікті қалыптастыруға айтарлықтай кедергі болады, бұл кейіннен түлектің кәсіби дайындығына әсер етеді.
Университетте оқу -бұл ең алдымен жанды қарым-қатынас, мұғалімнің энергиясы мен эмоциясы, студенттің қызығушылығы. Біздің университет-жарқын идеялардың, шығармашылық бастамалардың, ғылыми жобалардың, берік достықтың шоғырланған орны. Біз оқытушылар мен студенттерді эмоционалды түрде таласып, маңызды технологиялық мәселелерді шешіп, экономика мен техниканың дамуына үлес қосып келе жатқанын көргіміз келеді!
Достар, бізде осы шынайы қарым-қатынас әлемінде өмір сүруге мүмкіндік бар. Белсенді болайық, айналамыздағы адамдар туралы ойлайық. Қарсы медициналық көрсеткіштері бар азаматтардан басқа, баршаңызды вакцинацияланғандардың қатарында көруге үміттенемін!
Құрметпен Ж. Шаймарданов