Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен - Мемлекеттік қызметші күнімен және Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызметшінің жұмысы, адамнан кең ауқымды білімді, үлкен жауапкершілікті және ұстамдылықты талап етеді. Еліміздің халқы сіздерге өз тағдырын сеніп тапсырады және білікті, кәсіби маман екендеріңізді біледі. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жалпыұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасына байланысты.

Қазақстандық Полиция күні - бұл қазақстандық полицияны құрып, оның қатарында еңбек еткендерге құрмет және алғыс белгісі ретінде аталып өтетін мереке. Бұл бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиған адамдарға құрмет көрсету күні.

Баршаңызды құттықтай отырып, денсаулық, сәттілік, амандық және шыдамдылық тілейміз. Еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағалансын!