Іс-шараның мақсаты- азаматтарға қуғын - сүргін құрбандары, қазақ тілінің болашағы, латын қарпіне көшу процессі жайында ақпарат беру болды.

Ашық дәрісті өткізген спикерлердің бірі - лингвист, тілші, ғалым Ғарифолла Әнес қуғын -сүргін құрбандарына қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша ақпаратпен бөлісті.

Былтыр қарашада ҚР президенті Қасым -Жомарт Тоқаев өзінің қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау туралы 456 жарлығын шығарған болатын. Жарлық бойынша 50 адамнан тұратын мемлекеттік комиссия құрылды. Олардың қатарында Ғарифолла Әнес те бар. Қазіргі уақытта миллиондаған құрбандар туралы ақпарат іздеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ал, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдан Момынова «Дефиспен жазылатын сөздер және гибрид сөздерді (терминдерді) оқыту, жазудағы орфограммалық қиындықтар» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, профессор латын қаріпіне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, оған көшудің қиындықтары, жүзеге асыру жолдары туралы да сөз қозғады.

Лекция соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.