Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын!

35 жыл бұрын еліміздің Тәуелсіздік жолындағы алғашқы тарихи қадамы - Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат халқымыздың еркіндікке, бірлік пен жасампаздыққа ұмтылысының бастауы болды.

Бүгінде Қазақстан - халықаралық аренада беделі жоғары, тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Елдің осындай дамуына ерекше үлес қосып отырған маңызды салалардың бірі - жоғары білім беру жүйесі. Ол еліміздің ғылыми, технологиялық және адами әлеуетін нығайтып, жаңа буын мамандарды, ғалымдарды және елге қызмет ететін көшбасшыларды тәрбиелеуде.

Мемлекетіміздің барлық жетістігі  халқымыздың бірлігі мен білімге, ілгерілеуге және жарқын болашаққа деген ұмтылысының жемісі.

Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, татулық пен бейбіт өмір, жаңа жетістіктер тілеймін! Біздің Республикамыз өркендеп, оның жас ұрпағы білімді, отаншыл және елге адал азамат болып өссін!

Құрметпен,
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры
С. Рахметуллина