Университетте өтетін дөңгелек үстел туралы қуана хабарлаймыз.
Дөңгелек үстел тақырыбы:"University collaboration with regional industry and public sector"
Спикер: PhD докторы, Линкольн университеті Халықаралық бизнес мектебінің аға оқытушысы-Мажикеев Арман.
Шақырылған ғалым мүддесі келесі салалық бағыттарды қамтиды: Халықаралық сауда, өңірлік интеграция, тарифтік емес кедергілер, сауда үйкелістері, арнайы экономикалық аймақтар, гендерлік теңсіздік, есептеу экономикасы, энергетикалық нарықтар, қоршаған ортаны қорғау айналмалы экономика, жасанды интеллект. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты" атты Қазақстан халқына олдауында айтылған мәселелер талқыланады.
- Күні мен уақыты: 13.09.2023 ж. сағат 10.00-де
- Ұйымдастырушы: Бизнес Мектебі.
- Орны: Серікбаев көшесі, 19, ауд. Г-1-115.
Барлық ниет білдірушілерді іс-шараға қатысуға шақырамыз. Тәжірибелі ғалымнан құнды білім мен шабыт алудың тамаша мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
Сізді дөңгелек үстелде күтеміз!