Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдары диссертация қорғады. Сүлейменова Лаура Рахметолланқызы «ЖОО онтологиялық модель негізінде дамуын бақылау әдістері және құралдары, Сейтахметова Жанат Маратқызы «Цифрлық құзіреттік моделі негізінде тұлғаландырылған оқытуды ақпараттық қолдау технологиясы» тақырыбында ғылыми жұмыстарын сәтті қорғады.

Ғалымдар өз жұмыстарын жаңа диссертациялық кеңес алдында алғаш қорғап отыр.

ҚР Ғылым және жоғары біліми министрлігі ҒК «Ақпараттық және есептеу технологиялары» ҰҒИ кеңесінің тұрақты мүшелері Әмірғалиев Еділхан Несіпханұлына және Ақпараттық және есептеу технологиялары институты бас директорының орынбасары Мамырбаев Өркен Жұмажанұлына алғыс білдіреміз.

Диссертациялық кеңес мүшелеріне, ресми рецензенттер мен докторанттар кеңесшілеріне алғыс айтамыз.