Тәуелсіздік күніне орай, университет студенттері желтоқсан ардагерлерімен кездесті.  Шараның мақсаты – азаматтық бірегейлік пен ұлтжандылықты қалыптастыру арқылы бүгінгі жастарға тарихымыздың маңызды беттеріне шолу жасау. 

Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кездесуге 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары шақырылды. Кездесу қонақтары тарихи оқиғадан жүрек тебірентерлік естеліктерімен бөлісті.

Шара барысында студенттер қатысушыларға сұрақтар қойып, олардың батылдықтары мен тәуелсіздік жолындағы ерліктеріне құрмет білдірді. Өз кезегінде, желтоқсаншылар жастарды білім мен ғылымды бағдар етіп, ұдайы ізденуге шақырды. «Бүгін – ғылым мен білімнің қарқынды дамыған уақыты. Жастардың жетістігі күшпен емес, біліммен айқындалуы қажет», – деді олар.

Кездесу жастарға рухани серпіліс сыйлап, ел тарихын құрметтеуге, білімділік пен табандылыққа үндейтін маңызды шара болды.