Ағымдағы жылдың 13 қаңтары күні №2 жатақхананың студенттері арасында діни мәдениетті қалыптастыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді, сондай-ақ ішкі қауіпсіздік ережелері жөнінде мәліметтер берілді. Іс-шараны университет жатақханаларының тәрбиеші-педагогы Кусаинов Б.М. ұйымдастырды.

Кездесу барысында Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасының бас маманы Амринова М.С. студенттерге деструктивті діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі, радикалды идеологияның ғаламтор кеңістігі мен әлеуметтік желілер арқылы таралу жолдары, бүгінгі күндегі елдегі діни ахуал жөнінде ақпараттар беріп, деструктивті діннің жетегінде кеткен террористік топтардың құрбандарының өмірлеріне қатысты ресми деректерден мысалдар келтірілді. Сөз соңында, студенттерге діни білімді ғаламтордан іздемей, қажет болған жағдайда дін саласындағы мамандардан алуға кеңес берілді.

Кездесудің мақсаты, студенттерге радикалдық діни идеологияның таралу қаупі, жат дін мен хақ діннің ара жігін ажыратуға бағытталған, деструктивті діннің жетегінде кетіп адасқан, террористік топтың құрбандарының өмірлеріне қатысты ресми деректерден мысалдар келтірілді. Радикалдық діни идеологияға тартатын әдістер мен тәсілдердің түрлері және солардың бірі ғаламтор желілері арқылы жүргізілетін үгіт-насихаттар екендігі туралы ақпараттар берілді.

Ішкі қауіпсіздік қызметінің маманы Қасымов Р.О. студенттерге университет пен жатақхананың ішкі тәртібін сақтауға, өздерінің және басқалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге бармауға шақырды.

Іс-шара соңында тәрбиеші-педагог Кусаинов Б.М. кездесуге қорытынды жасады.