2024 жылдың 21 қыркүйек пен 20 қазан аралығында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Халықаралық инженерия мектебінде University of Lincoln (Ұлыбритания) профессоры, PhD, профессор Иан Скоуэн «Рентген сәулелерінің дифракциясы - ұнтақ дифракциясынан моно-кристалды құрылымдарға дейін» тақырыбында семинар өткізеді. Бұл семинар университет қызметкерлері мен зертханалары үшін, сондай-ақ 8D05301 - Техникалық физика білім беру бағдарламасы бойынша докторанттарға арналған. Оқу үдерісі Ғылыми орталық «Қорғаныс және функционалды қаптамалар» базасында және ШҚТУ жанындағы жаңадан ашылған Қазақстан-Неміс Институтының «Функционалды материалдар синтезінің ұнтақты және қоспа технологиялары» зертханасында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, профессор Иан Скоуэн ұнтақты металлургияны дамыту мақсатында механикалық және биомедициналық қолдануға арналған титан негізіндегі жұқа қабықшалар мен қаптамаларды алу бойынша бірлескен зерттеулер жүргізеді.