2019 жылдың 13 желтоқсанында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ №3 жатақханасында жатақханада тұратын студенттер үшін «Тәуелсіздік туралы мен не білемін» тақырыбында викторина түрінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерге өз Отанына деген патриоттық тәрбие беру. Жер байлығын қорғау сезімін ояту, туған жерге деген құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, инновацияларға деген қызығушылықтарын дамыту. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға әсер ету. Студенттер викторинаға белсенді қатысты және сыйлықтармен марапатталды.