Студенттер, магистранттар және колледж білім алушылары Open Space форматындағы алаңдарда бизнес ашу бойынша кеңестер алып, бизнес, қаржы, салық, маркетинг және құқық бағыттарындағы шеберлік сағаттарына қатысты.
«Стартап-конструктор», «Миға шабуыл», «Stop, алаяқтар!» атты интерактивті ойындар қатысушылардың креативтілігі мен кәсіпкерлік ойлауын дамытып, қаржылық-құқықтық сауаттылықты арттырды.
Сонымен қатар, оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға арналған семинар өтті.
- Саденова Асель Маратовна библиографиялық менеджерлер Mendeley және Zotero арқылы әдебиеттер тізімін автоматты түрде құрастыру жолдарын көрсетті.
- Нурекенова Эльвира Собеттолаевна ғылыми зерттеулерде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолдану туралы баяндама жасады.
Апталықтың соңында “Қазақстан Халық Банкі” АҚ мамандарының «Кибергигиена» тақырыбындағы қонақ дәрісі өтті. Қатысушылар интернет қауіпсіздігі және киберқауіптердің алдын алу туралы пайдалы ақпарат алды.
Ғылым апталығының алғашқы күндері жемісті, креативті және пайдалы өтті!