Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың шет тілдер кафедрасы 2019 жылдың 11 ақпан және 28 наурыз аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында және «Үш тілділік - табыс формуласы» жобасын қолдай келе «I am creating the city of the future» атты аймақтық жарыс өткізді.Сайысқа 2 жоғарғы оқу орындарының Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 42 студенттері қатысты.
Сайыстың мақсаттары - шет тілін игеруде мотивацияны көтеру және ағылшын тілін оқитын студенттерді қолдау болып табылады.Сайыс 3 түрлі бөлімнен тұрады:
1-бөлім - сайысты өткізу бөлімі (өтініштерді және жазба жұмыстарын қабылдау 2019 жылдың 11 ақпан мен 10 наурыз аралығында).
2-бөлім - әділ-қазылардың бағалауы және жұмысы (2019 жылдың 11 наурызбен 26 наурыз аралығында).
3-бөлім - сайыстың қорытындысын жариялау (2019 жылдың 29 наурызы).
Сайыстың қорытындысын және жеңімпаздарын анықтау үшін осы оқу орнының оқытушылары мен қызметкерлері әділ қазылар болып сайланды.
Тексеру құрамына енген оқытушылар: шет тілдер кафедра бөлімінің бастығы - А.А. Сарсенбаева., аға ғылыми қызметкер М.Ф. Юсубалиева, кафедраның аға оқытушысы - Е.Ф. Ней, кафедра оқытушылары М.О. Леонова, Д.Т. Мукышева, Ю.В. Танасевская.
Жүлделі орындарды беру - 5 номинация бойынша жүргізілді.
Сайыс комиссиялары жиналысының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды -эссе тақырыбын айқын түрде ашқаны үшін - Медина Амиргазина,17-АРк-1 тобынан.
Эссені креативті түрде жазғаны үшін - Александр Спиридонов,18-АУ-1 тобынан.
Авторлық позицияны дәлелді түрде айғақтағаны үшін - Аяулым Зейноллинова, 17-ИСк-1.
Сөздік қорының байлығы және оны контексте қолдана білгені үшін - Асыл Кадышева,18-БМк-1 тобынан.
Әртүрлілік, қиындық және грамматикалық айналымдарды қолдана білгені үшін Асыл Задаханов,18-РТк-1 тобының студенті.
Ал көптеген студенттер сайысқа қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.
Шет тілдер кафедрасы