Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Ұлттық кеңсенің директоры Шайзада Тасболатованың төрағалығымен Эразмус+ жобаларына мониторинг жүргізілуде.
Кездесуде өтпелі экономикасы бар елдер – MIETC үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін басқару бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеудің аралық қорытындысы талқыланды. Жобаны Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Қарағанды экономикалық университеті бірлесіп әзірлеп жатыр.
Жаңа магистрлік бағдарлама студенттерге еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келетін дағдылар мен құзыреттерді ұсыну мақсатында Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарында өнеркәсіптік кәсіпкерлік саласындағы адами капиталдың әлеуетін арттыруға бағытталған.
Қазақстандағы Эразмус + ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатованың айтуынша, мониторингтің мақсаты - бастапқы кезеңдегі жобаны әзірлеудегі олқылықтар мен кемшіліктерді анықтау.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық кеңсенің негізгі міндеттерінің қатарына ақпараттық қолдау, серіктестермен қарым-қатынас орнату, Қазақстандағы жоғары білімді реформалау бойынша ұлттық сарапшылар тобының қызметін үйлестіру және т. б. кіреді.