Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да дәстүрлі «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің» жұмысы бастау алды. Болашақ жұмыс берушілермен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік беретін іс-шара биыл өзгеше форматта өткізілуде. Карантин жағдайына байланысты, жәрмеңкені қашықтықтан 27 сәуірден 3 мамырға дейін дейін www.ektu.kz веб-сайтында өткізіледі.

Zoom платформасында конференция ұйымдастырылып, 4-курс стденеттері, ЖОО-ның түлектері, сонымен қатар, облысымыздың ірі кәсіпорындарының өкілдері қосылды. «Қазақмырыш» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Фоминых Евгений, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ кадрлар бөлімінің басшысы - Шеримова Алия, «Kazminerals» персоналын таңдау бойынша үйлестіруші - Өтегенова Гүлжанат және тағы басқа бизнес серіктестер байланысқа шықты.

Айта кететін жаңалық, «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» үшін арнайы электронды алаң жасақталып, ұсынылды. Бұл жерде кәсіпорын және студенттер өзара байланыс орната алады. Жұмыс берушілер сайтқа кіріп, қандай бос жұмыс орындар бар екенін көрсетеді, студенттердің түйіндемелерімен танысады. 4-курс стденеттері және түлектері Жеке кабинеттерінде түйіндемелерін қалдырып, кәсіпорын қалдырған ақпаратты көре алады. Электронды алаң арқылы біздің білім алушылар болашақтарын болжай алатынына үміттенеміз.