Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Академиялық апталық бастау алды. Академиялық сипаттағы түрлі іс-шаралар аптасы - студенттердің өз білімдерін сынауға болатын әртүрлі олимпиадаларға, болашақ жұмыс берушілерімен таныстыққа, білім беру үдерісіндегі жаңалықтарға толы болмақ.
Аталған аптаның бірінші күні студенттер оқытушылар рөлінде. Бірінші күнінің ережелеріне сәйкес студенттер оқытушылардың рөлінде дәрістер, практикалық және зертханалық сабақтар өткізді, сонымен қатар қатарластарына баға қойды.
Белгілі болғандай, студенттерге оқытушы болу ұнады және олардың көпшілігі өздерінің кәсіби мансабын университеттегі оқытушылық қызметпен байланыстыруды жоспарлап отыр! Алда академиялық аптаның келесі күндері күтіп тұр!