Бұл күн 1985 және 1990 жылғы түлектердің басын қосты. Олар студенттік кездерін еске алып, өзара жетістіктерімен бөлісіп, шат шадыман күлкіге еніп, естелікке суретке түсті, өздерін қайтадан үлкен университеттік отбасының бір бөлігі ретінде сезінді.

Қонақтар білім ордасының ғимараттарын қызығушылықпен аралап, Лу-Бань шеберханасына ерекше ықыласпен барды. Конференц-залда факультеттің қазіргі деканымен жылы жүздесу өтті. Декан факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі, студенттер мен оқытушылардың жетістіктері туралы баяндап берді.

Түлектер атақты декан, Автомобиль көлігі факультетінің көрнекті тұлғасы — Туленденов Рейс Сейсенұлының атымен аудитория ашу туралы бастамаға ерекше назар аударды. Бұл ұсыныс түлектер тарапынан қолдау тауып, жүректеріне жол тапты.

Университет ректорымен өткен шынайы кездесу — оқу орнының өткеніне, бүгіні мен болашағына қатысты әсерлі сұхбат — бұл күннің жарқын сәттерінің бірі болды.

Университетті ұмытпай, әрдайым жүрек жылуымен, шабытпен келетіндеріңіз үшін алғыс айтамыз!