Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде қарт адамдарға арналған "Күміс университеті" жобасы жүзеге асырылуда. Күміс университетінің бағдарламасымен Өскемен қаласының зейнеткерлері қамтылған, бүгінде бұл жобаға 130 тыңдаушы қатысуда.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және халықты ақпараттық ағарту мақсатында компьютерлік технологиялар саласында өз дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алатын егде жастағы адамдар үшін "Цифрлық сауаттылық" бағдарламасы бойынша оқыту жүргізіледі.

Аға буын үшін электрондық мемлекеттік қызметтерді алу бойынша Қазақстан Республикасы Электрондық үкімет порталының сервистерімен жұмыс ұйымдастырылды, сондай ақ күнделікті өмірдің әртүрлі міндеттерін өз бетінше шешу дағдыларын алады (дәрігерге жазылу, жеке кабинетте тіркелу, WhatsApp-қа хабарлама жіберу, Telegram, Facebook және т. б. чат-боттармен жұмыс істеу) және т. б.

Тыңдаушыларға заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды игеру үшін және өзін-өзі жетілдіруге қолайлы жағдайлар жасалған.