Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде "EduWEEK EKTU 2025"академиялық аптасы басталды

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 17–21 қараша 2025 жыл аралығында жыл сайынғы академиялық апта "EduWEEK EKTU 2025"өтуде. Іс-шаралар оқушылар мен студенттердің білімге белсенділігін арттыруға, кәсіби бағдар беруге және университеттің өнеркәсіптік және бизнес-серіктестерімен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Академиялық апта "Smart Start Day" іс-шарасымен ашылды, оған қаланың әртүрлі мектептерінен шамамен 300 оқушы қатысты. Университеттің мектептері өз артықшылықтары мен болашақ абитуриенттерге арналған оқу бағдарламаларын таныстырды.

Қатысушылар сондай-ақ «ШҚТУ-ды білесің бе?» интерактивті ойынына және би батлына белсенді қатысты, университет туралы білімдерін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Барлық қатысушылар ШҚТУ-ден естелік сыйлықтар алды, бұл ашылу салтанатын ерекше есте қаларлық және қызықты етті. Академиялық апта аясында көптеген іс - шаралар жоспарланған, атап айтқанда:

  • Ашық лекциялар және практикалық воркшоптар;
  • Ашық есік күні" және кампусқа экскурсиялар;
  • Олимпиадалар, квиздер, викториналар және шығармашылық белсенділіктер;
  • Әртүрлі салалардағы эксперттермен кездесулер және ашық сабақтар;
  • Вакансия жәрмеңкесі"— жұмыс берушілерден нақты мансап мүмкіндіктері;
  • Білім бағдарламалары хит-парады"— EKTU білім беру бағыттарымен танысу;*
  • Білім және ғылымның өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер;

Академиялық апта қатысушыларға кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, университеттің білім беру инфрақұрылымымен танысуға, өнеркәсіптік серіктестермен байланыс орнатуға, сондай-ақ болашақ мансаптық және білім беру траекторияларын практикалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.