2024 жылғы 10 қазанда «Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті» КеАҚ ауыл квотасы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші курс білім алушыларына Қаржы орталығының жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызы ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті 3 жыл мөлшерлес жұмыс өтілімі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Басқарма мүшесі-академиляық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова Асия Хасеновна, білім алушылар қатысты.

Қаржы орталығының маманы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін маманды жұмысқа жіберудің, бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығындарды өтеудің, дербес еңбек құқығын берудің, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жұмыс істеу міндетінен босатудың немесе оны тоқтатудың бекітілген Ережелерімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы No 403 таныстырды.

«Қаржы орталығы» АҚ ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жас мамандармен интеграциялық өзара әрекеттесу жұмысын ұйымдастырады. 2025 жылғы түлектерге 1414 нөмірінен «Қаржы орталығы» АҚ-нан қызмет көрсету үшін дербес деректерге рұқсат сұраған СМС хабарлама түскен жағдайда, әрекет ету мәселесі бойынша түсініктеме алды. Келісу немесе бас тарту келесі комбинацияны қолдану арқылы жүзеге асырылады: 521 «ИӘ», 522 «ЖОҚ» дегенді білдіреді.

«Серпін» бағдарламасының түлектері 2 жыл жұмыс істейді, жұмысты тек осы облыстада істеуге болады: Ақмола облысы, Қарағанды облысы. Абай ауданы, Ұлытау облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы

Мұғалімдер мен дәрігерлерден басқа барлық білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат пен магистратураның түлектері мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымдарда 3 жыл жұмыс істейді.

Философия докторлары (PhD) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша мемлекеттік органдарда, жоғары оқу орындарында, ғылыми ұйымдарда, ғылыми бөлімдерде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында 3 жыл жұмыс істейді (жоғары колледждерде немесе мектептерде).

Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi оқу орнын бiтiргеннен кейiн мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша олардың iс жүзiнде оқыған уақытына пара-пар жұмыс iстейдi.

Бюджет қаражаты есебiнен жұмсалған шығындарды өтеу жұмыс мерзiмiн айқындау формуласына сәйкес нақты жұмыс iстеген мерзiмге пропорционалды түрде қамтамасыз етiледi.

Кездесу барысында түрлі сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді:

  • Диплом алғаннан кейін жұмыс таппасаңыз не істеу керек?
  • Әскерге шақырылсаңыз, грантты қалай өтеуге болады?
  • Жұмыстан кейінге қалдыру және босату кімдерге беріледі?
  • Магистратураға екінші рет түскен болсаңыз, грантты қалай өтеуге болады?
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын өзгертуді жоспарласаңыз, грантты қалай жабуға болады?... т.б.

2025 жылғы түлектерге азаматтық-құқықтық жауапкершілік, сотқа жүгіну және міндеттемелерді орындамаған жағдайда қолданылатын жазалау шаралары туралы ескертіліп, республикалық білім грантын әзірлеу мәселесіне байыпты қарауды сұрады.

Жақында барлық қажетті ақпарат ШҚТУ сайтында орналастырылады. Білім беру грантын рәсімдеуге қатысты сұрақтарды анықтау үшін Мансап орталығына хабарласыңыз.