Ағымдағы жылдың 9 қазан күні «Салауатты ұрпақ» ақпараттық-түсіндіру жұмысы негізінде «Шығыс» профилактикалық медицина орталығы» медициналық мекемесінің маманы студенттердің репродуктивті денсаулығы тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу қыздар мен ұлдарға бөлек жүргізіліп, 170-тей студент қамтылды.

Орталық маманы жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау үшін салауатты өмір салтын ұстану, жеке гигиена ережелерін сақтау, күнделікті дұрыс тамақтану, дене шынықтырумен үнемі айналысу, профилактикалық медициналық тексеруден өту қажет екенін түсіндірді. Ол сондай-ақ жасөспірімдердің сауаттылығы жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, жоспарланбаған жүктіліктің жағымсыз салдарларын болдырмаудың маңызды механизмі екенін атап өтті.

Дәріс барысында студенттермен кері байланыс орнатылып, қызығушылық танытылған сұрақтарға толықтай жауаптар берілді. Кездесу соңында, әр адамның репродуктивті денсаулығы өзіне байланысты екендігіне көз жеткізілді!