ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде прокторинг кабинеті ашылды.
ШҚТУ-да ISO 37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері» халықаралық стандарттарына жауап беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі құрылды және енгізілді. Университет осы стандартқа сәйкес Халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті. Мамандандырылған прокторинг кабинетін ашу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджментінің енгізілген жүйесінің бір бөлігі саналады.
Кабинет заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Әрбір жұмыс орны: жылдам әрекет ететін неттоп, жоғары ажыратымдылықтағы IP камера, микрофон, біздің университетте әзірленген ақпараттық бағдарламалармен қамтамасыз етілген.
Барлығы 21 орын бар. Прокторингтің негізгі функциялары: екі бейне ағынын және бір микрофонның аудио ағынын түсіру, кадрдағы адамдардың санын анықтау, қабылдаушының қатысуын анықтайтын ақылды модульді әзірлеу және енгізу, бірқатар стандартты функция - бетті басып шығару мен көшіруді бұғаттау, қосымшаның фокусын жоғалтуды анықтау, «мышканың» оң жақ батырмасын бұғаттау. Сонымен қатар, onLine бөлмелер кездейсоқ тәртіпте білім алушылар, прокторлармен толтырылады.
Ашылу салтанатына ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мақсұтова Зейнеп Әбдіжүсіпқызы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Байдильдин Жігер Еркінбекұлы, ШҚТУ бірінші проректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызы, Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Қоңырбаева Жадыра Түсіпқанқызы, университет оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.