Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы ағымдағы жылы жаңа форматта тойланады. Қазақстанда биыл Наурыз мейрамын 10 күн тойлау ұсынылды. Әр күннің өз атауы бар. Бүгін «Көрісу күні - Амал мерекесі».
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және жоғары IT колледжі мерекелік іс-шара өткізді. Әжелер шашу шашып, жастар өнерлерін ортаға салып, ойын ойнап, асыр салды. Төс қағысып көрісіп, жыл берекелі болсын деп, бір-біріне тілектерін білдірді. Бүгінгі күн - Наурыз мерекесінің алдында мәре-сәре болатын күн. Үлкен-кіші бір-біріне сәлем беріп, көрісіп, "жас құтты болсын" деп амандасып, кәде-сыйларын табыстап жатады.
Әз-Наурыздың бастамасы болып келген бұл күнді ерекше ықыласпен атап өткен студенттер - ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жаңғыруын, көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын сезінгендей. Рен-жіс¬кен ағайын табысып, барлық жаман¬дық атаулы ұмытылатын, ел-жұрт болып жақсылыққа қарай мерейлене бет бұратын бұл күннің шын мәнінде шапағаты мол. Өйткені Амал - мейірім, сауап, береке мен бауыр-малдықтың, ауызбіршіліктің мейрамы.