Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Engineering Education: Challenges, Trends, Best Practices халықаралық конференциясының жабылуына арналған қорытынды пленарлық отырысы өтті. Конференция жұмысы инженерлік білім беру саласындағы сын-қатерлерге бағытталып, цифрландыру мен тұрақты даму жағдайында инновациялық тәсілдерге баса назар аударылды. Жобаларды басқару дағдылары, дизайн-ойлау және тәуекелдерді басқару әдістері белсенді түрде талқыланды. Қатысушылар студенттер мен оқытушыларға арналған жаңа бағдарламаларды енгізу, сондай-ақ тау-кен өндіру саласы мен жаңартылатын энергия көздеріне мамандар даярлаудың қажеттілігін атап өтті.
CDIO халықаралық бастамасы және инженер мамандарын сертификаттау бойынша секциялар жаңа сертификаттау модельдері мен мамандарды даярлау сапасына арналған 10 баяндама талқыланды. Қатысушылар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін аккредиттеу мен өндіріс арасындағы байланыстың маңыздылығын атап өтті.
Білім беру технологиялары мен цифрлық инновациялар секцияларында жасанды интеллектіні оқытуға енгізу, мобильді қосымшалар және өнеркәсіпте цифрлық егіздерді қолдану сияқты трендтер талқыланып, білім беру процестерін цифрландырудың маңыздылығы атап өтілді.
- Бұл екі күн инженерлік білім беру саласындағы қызықты пікірталастар мен құнды тәжірибе алмасуға толы болды. Ұсынылған баяндамалар жаһандық және өңірлік сын-қатерлерді, жаңа трендтерді, сондай-ақ инженерлік білім берудің болашағын айқындайтын ең үздік тәжірибелерді қамтыды. Конференция жұмысына белсенді қатысып, қолдау білдірген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне, оның ішінде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмет-Заки Дархан Жұмақанұлына алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Джарасова Гүлжан Сағидоллақызына инженерлік білім берудің жаңа моделі туралы егжей-тегжейлі баяндамасы үшін алғыс айтамыз, - деп атап өтті ШҚТУ Басқарма төрағасы-ректоры Сәуле Рахметуллина.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өткен Engineering Education: Challenges, Trends, Best Practices халықаралық конференциясы халықаралық ынтымақтастық пен білім алмасудың маңыздылығын көрсетіп, бүкіл әлем бойынша инженерлік білім берудің тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне ықпал ететін тиімді білім беру экожүйесін қалыптастыруды көздейді. Конференцияға қатысқан ғалымдар мен мамандардың бірлескен жұмысының нәтижелері жаңа жетістіктер мен серіктестіктерге бастама болмақ.