Серікбаев атындағы ШҚТУ-де Қазақстанның жоғары білім қызметкерлері күніне арналған Ғылыми кеңестің отырысы өтті, бұл күн биыл елімізде алғаш рет атап өтілді.

Алдымен өз баяндамасында басқарма төрағасы, ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина университет жетістіктеріне қысқаша тоқталып, әсіресе іске қосылған және сәтті жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларды атап өтті: Smart Engineering Competence Center құру, «Лу Бан шеберханасы», сондай-ақ таяуда металлургия және тау-кен өнеркәсібі саласындағы Қазақстан-Германия ғылым және технологиялар институтының ашылуы.

ШҚТУ Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асия Машекенова өз баяндамасында университеттің академиялық саладағы жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ Ғылыми кеңесте Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне арналған ШҚТУ қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Алғысы» - ректор іс басқару бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Каримова Алина және Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің қауымдастырылған профессоры Тлебалдинова Айжан;

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Құрмет грамотасы» - Халықаралық инженерлік мектеп деканының орынбасары міндетін атқарушы Мұхамедова Раушан және Құрылыс саласындағы құзырет және технологиялар трансфері орталығының басшысы Руденко Ольга;

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» құрмет грамотасы - Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова Асия; «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Крыкпаева Аклима; Архитектура, құрылыс және энергетика мектебінің профессоры Ердыбаева Назгүл;

«Ғылым үздігі» құрмет грамотасы - Бизнес мектебінің жетекші ғылыми қызметкері Сүйеубаева Салтанат;

«Тіл жанашыры» құрмет грамотасы - Ақпараттық саясат және медиакоммуникация орталығының басшысы Қасымова Қарлығаш;

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі - BIM-жобалау саласындағы құзырет және технологиялар трансфері орталығының басшысы Хапин Александр; Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің профессоры міндетін атқарушы Увалиева Индира; Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы Рахымбердина Маржан;

«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі - Тілдік құзырет орталығының аға оқытушысы Жақсылықова Бейбітгүл;

«Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі - Басқарма мүшесі - халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор міндетін атқарушы Сәрсембаева Арайлы;

Сондай-ақ ШҚТУ ректорының «Алғыс хаты»: Лиақын Ләззат; Ағалиева Бақытгүл; Аукенова Бекзат; Исмұхамедова Айгерім; Тұраров Аманкелді; Үтегенова Меруерт; Сағымбекова Эльфира; Кеңесбеков Айдар; Сошников Николай; Лутай Анастасия; Бекішев Еркебұлан; Жұмабек Еламан; Мәліков Мәди; Аманбаева Камила; Көмекова Маржан; Омарова Гүлнұр; Үсабаева Аяулы; Алишева Гаухар; Есеркегенова Бекзат; Абеджанова Арай; Наумова Вера; Асылханова Жанна; Козлова Марина; Бекбосынов Сымбат; Шимин Евгений; Кеңесжан Мерлат; Аянқызы Аяужан; Мүшелбаева Динара; Дүйүсова Эльвира; Құсманова Гүлмира; Иванова Татьяна; Гурьянова Вера; Болтабаев Булатбек; Жақұпов Тоқтасын; Жұмабеков Жеңіс; Асылбеков Жігер; Аношкина Александра; Барамошкина Светлана; Ильина Елена; Қазанцева Ольга; Левина Александра; Сагиева Гүлназ; Лукьянова Светлана; Мельник Дарья; Буйкунов Оразбек; Қасымов Рашид; Отеев Ернар; Сергазинов Евгений; Жуков Иван; Калелова Индира; Попкова Елена; Дүйсүпова Галина; Омаров Дамир; Шаяхмет Тілеубек және Мұхамедияров Руслан.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне орай университет қызметкерлері мен студенттері үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, онда музыкалық және би қойылымдар, сондай-ақ вокалдық интерактив өтті.

  Барлық фото