8-9 сәуір 2021 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жастардың шығармашылығы – Қазақстанның инновациялық дамуына» атты VII Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өтті.

8 сәуір 2021 жылы Гуманитарлық білім беру факультетінде «Инновациалық процесстерді дамытуда әлеуметтік ғылымдардың және шет тілінің рөлі» деп аталатын секциясында конференция  өтті. 1 және 2 курс студенттегі өздерінің баяндамаларын ағылшын және неміс тілдерінде қорғады. Осы конференцияға барлығы 60 студент қатысып, ал 38 студенттеріміз өздерінің презентацияларын қорғады.

Сондай-ақ, баяндамада қоршаған ортаны ластау, электрлік көлік құралдарын дамыту және оларға электронды қосымшалар, медицинадағы платформалар мен технологиялар туралы деректерді сақтау және пайдалану мәселелері қарастырылды.

Нақтылай кетсек, біздің студенттеріміздің презентациялары техникалық дизайнда стандартты емес тәсілмен жәнеде ерекше слайдтармен қызықтырды. Барлық студенттер жауапкершіліктерімен шығармашылықтарын дәлелдеді.

Бұл жылы студенттердің  зерттеу жұмыстары шет тілін, кәсіби тілді және ғылым тілін меңгерудегі жаңашылдық мен практикалық жағынан ерекшелінді. Студенттердің зерттеу жұмыстарында тіл тану, халықаралық қатысымға ену үшін шет тілінің маңызы мен ролі жайлы тақырыптар талқыланды. Осы жылы Гуманитарлық білім беру факультетінде университеттің МНТК материалында студенттердің оқытушылармен бірлесе жазған 63 зерттеу жұмыстары басылып шықты.

Конференция қорытындысы:

1 санаттағы диплом (1 орын) келесы студенттер марапатталды: Нұсқау С. (19-ГМК-1), Сакыбаева Анеля. 2 санаттағы диплом (2 орын): Мәкенов Дамир Ермекұлы (20-ГРК-1), Самалбеков Ақжанбек Самалбекулы (20-SMM-1), Дяглева Е.А. (20 SMM-1) Сәбиева.Д.Д (20-3КК-3), Калелова A.К. (20-ЗЗК-1), Слямбеков Е.Б.(19-ГДК-2) алды.

3 санаттағы диплом (3 орын) келесы студенттер марапатталды: Даутханова А. (20-ГФМК-1), Сакыбаева А. (20-ГФМК-1), Жакупов Д. (20-МК-1), Череданова К. (20-МК-1), Каиргазинова М.О. (19-МКК-1), Төлеухан Диас Ерболұлы (20-ТМ-1), Қайымханова Қ.Ш. (20- ГТК-1), Алтынбеков Д.К. (20-ССК-1).

Ғылыми жетекшілер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз! Тек қана алға!