Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында 8-12 қаңтар аралығында PROFESSIONAL PROGRAM ON ACADEMIC AND RESEARCH ISSUES семинары өтеді.
Бұл ауқымды бағдарлама өз алаңында үздік спикерлер - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төрағасы Гүлзат Ізбасарқызы Көбенованың, ҚР Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Әділет Жүнісұлы Тойбаевтың, ҚР ҒжЖБМ жобалық кеңсесінің академиялық артықшылық орталықтарын құру жөніндегі бағдарламаның жетекшісі Жақыпова Фатима Надыровнаның, қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің академиялық мәселелер жөніндегі декан орынбасары (NU GSPP) Риккардо Пелиццоның, ҚР және Орта Азиядағы International Coach Union Халықаралық қауымдастығының директоры Нұрбекова Ғалия Бағдатқызының, сондай-ақ білім беру саласындағы басқа да халықаралық және қазақстандық сарапшылар, Elsevier өкілдері қатысуымен өтеді.
Апта бойы бағдарламаның спикерлері мен қатысушылары: Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері; жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің моделі; еліміздің жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, білім берудегі генеративті жасанды интеллектке кіріспе, "Syllabus Design" стратегиясы, коучинг, оның ішінде оқытудағы командалық жұмыс сияқты мәселелерді қарастыратын болады.
Қазақстанның ғылым және жоғары білім әлеміндегі бұл елеулі оқиға біздің еліміздегі жоғары білім беруді жаһандық трансформациялау жөніндегі ҚР ҒжЖБМ стратегиясының іске асырылуына ықпал етеді. Жаңа тәсілдер жоғары оқу орындарын ілгерілетуге, ал оқытушыларға - трендтік идеяларды енгізуге және білім беру процесіне тартуға көмектеседі.