Жылды қорытындылады
Бүгін Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 2021-2022 оқу жылын қорытындысы бойынша Ғылыми кеңес өтті. Күн тәртібінде Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы көшбасшылыққа қол жеткізу үшін жаңа технологияларды қолданып және оны дамытуға қабілетті инженерлерді дайындау тәсілдері қарастырылды.
Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер бойынша проректор Жадыра Қонурбаева университеттің білім беру қызметіндегі бар өзгерістерге тоқталды. Спикер алдағы жылға арналған академиялық жетістіктер стратегияларымен бөлісті.
Бүгінгі таңда университеттің негізгі мақсаты Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда көшбасшылыққа қол жеткізу үшін жаңа технологияларды қолданып және оны дамытуға қабілетті инженерлерді дайындау болып табылады.
Қажетті нәтижеге жету үшін талапкерлерді кәсіптік бағдарлауға және жоғары оқу орнына дейінгі дайындыққа, оқу үдерісін бейімдеуге, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияға білім беруді импорттауға және экспорттауға, оқу үдерісін цифрлық түрлендіруге, сондай-ақ академиялық инфрақұрылымды жақсартуға көңіл бөлу керектігін атап өтті.
Ғылыми жұмыстар және цифрландыру жөніндегі проректор Наталья Денисова әріптестеріне соңғы жылдардағы ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелері туралы айтып берді.
Наталья Федоровна келесі жылы ҒЗТКЖ әзірлеудің толық циклінің тәжірибесіне көшу қажет екенін айтты. Ол үшін ғылыми-зерттеу қызметкерлерінің ғылыми біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және дамыту, ғылыми зерттеулердің құзыреттілігін арттыру және ғылыми-зерттеу экожүйесін дамыту қажеттігіне тоқтап өтті.
Басқарма төрағасы-ректор Жасұлан Шаймарданов университетте жаңа деңгейге шығуға барлық жағдай мен мүмкіндік бар екенін қосты. Әрине, алда атқарылатын жұмыстар көп, университет ұжымы жоспарларды жүзеге асыруға дайын.