2024 жылғы 24 қазан күні университетіміздің г-2-405 аудиториясында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған "Басты құндылығымыз - Тәуелсіз Қазақстан" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға оқытушылар, магистранттар, студенттер белсенді қатысты. Модератор ретінде т.ғ.к., ҚТ және ӘСП кафедрасының аға оқытушысы Калиева К.С. қатысушыларға Қазақстан мемлекеттілігінің тарихы мен маңызын терең талқылауға шақырды. Біздің басты мақсатымыз - ел тәуелсіздігінің мәнін түсіну, ұрпаққа жеткізу және еліміздің болашағына бағытталған идеяларды ортаға салу.

Дөңгелек үстелде еліміздің мемлекеттілігінің тарихы, саяси жүйесі, жастардың құндылықтары, Абайдың моральдық-этикалық тағылымы сияқты маңызды тақырыптар талқыланды. Спикерлер ретінде т.ғ.к. Айдарбаева Р.К., с.ғ.к. Линок С.А., ә.ғ.к. Столярова Э.О. және аға оқытшы Джаксылыков А.Ф. өз баяндамаларын ұсынды. Әр спикер өз саласында маңызды мәселелерді қозғай отырып, қатысушыларды сұрақ-жауап бөліміне белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, біздің кітапхана қызметкерлерімен "Қазақстан менің жүрегімде - 25 Қазан Республика күні" атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Біздің университетіміз тәуелсіздіктің нығаюына, мемлекеттің гүлденуіне үлес қосатын білім мен ғылым орталығы болып табылады. Білім алу, ғылыммен айналысу, әлеуметтік жауапкершілікті сезіну - еліміздің дамуына бағытталған маңызды қадамдар. Бұл дөңгелек үстел тек қана ақпарат алмасу алаңы емес, сонымен қатар жастардың болашағына бағытталған белсенді пікір алмасу мүмкіндігі.