Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысына комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, ШҚО денсаулық сақтау саласының өкілдері және облыс жұртшылығы қатысты. Айта кетейік, ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болып табылады.

Дөңгелек үстел ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған «Репродуктивті денсаулық апталығы» республикалық іс - шарасына арналды. Оның негізгі мақсаты - халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

- Апта жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының маңыздылығы, қажетсіз жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу әдістері, АИТВ-инфекцияларының және ЖЖБИ таралуының өсуі, сондай-ақ адам папилломавирусының алдын алу қажеттілігіне баса назар аударды. Бүгін біз өткізілген аптаның қорытындысын шығарамыз, сондай-ақ спикерлерді тыңдап, проблемалық мәселелерді көтереміз, - деп атап өтті ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина.

Сондай-ақ, спикерлер қатарында: ана мен бала Орталығының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының магистрі, қалалық акушер-гинеколог, репродуктолог Надира Слямханова, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс акушер-гинекологы Марат Куксегенов, ШҚО білім басқармасының отбасы мен баланы қолдау Орталығының директоры Лилия Куземко, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков, «Талдау және болжау институты» ЖШС директоры Аяужан Әшімова, ШҚО мемлекеттік банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету кәсіподақ қызметкерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анжела Горностаева және ШҚО әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, облыстық комиссияның мүшесі, «Astana Vision» клиникасының директоры Зарина Камасова болды.

- Репродуктивті денсаулық - бұл физикалық әл-ауқат қана емес, сонымен қатар әр адамның өмір сапасының маңызды аспектісі. Біз бұл туралы барлық азаматтарға лайықты болашақты қамтамасыз ету үшін ашық және адал болуымыз керек, - деп атап өтті Надира Слямханова.

Пікірталас репродуктивті денсаулықтың әртүрлі аспектілерін қамтыды: АИТВ, папиллома вирусы сияқты аурулардың алдын алудан бастап отбасын құруды жоспарлауға, жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқаты мен жыныстық тәрбиесіне, репродуктивті денсаулық мәселелерінде халықтың сауаттылығын арттыруға, медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге дейін талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ақпараттық-ағартушылық жұмыс, сондай-ақ маңызды тақырыптардың кейбір аспектілерін дұрыс қабылдау көбінесе қоғамдық пікір көшбасшыларына, азаматтық қоғам институттарының өкілдеріне байланысты екенін атап өтті.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде репродуктивті денсаулық көрсеткіштерін жақсарту және барлық мүдделі тараптар - мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік емес сектор арасындағы жұмысты күшейту болып табылады.

  Барлық фото