Салтанатты іс-шараны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастады, ол жиналғандарды бейнеөтініш арқылы құттықтады. Ол ШҚТУ қызметкерлерінің білім беру жүйесі мен ел болашағын қалыптастырудағы, ғылымды насихаттаудағы үлкен рөлін атап өтті.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы - ректоры Рахметуллина Сәуле Жадыгерқызы өткен жылдар ішінде университет қызметкерлері мен ғалымдары білім сапасының деңгейін жоғарылатып қана қоймай, ғылымының және тұтастай алғанда елдің дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті.
- Құрметті әріптестер, баршаңызды ЖОО-ның мерейтойымен құттықтаймын. Барлықтарыңыз кәсіби шеберліктеріңізбен және күнделікті еңбектеріңізбен ШҚТУ-дың да, болашақ ұрпақ - студенттеріміздің де, еліміздің де дамуына үлес қосып келесіздер. Мерейтойлық жылда біз әртүрлі деңгейдегі - қалалық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейде көптеген іс-шаралар өткіздік. Бұл жетістіктер - біздің ортақ үлесіміз, сіздердің нәтижелі қызметтеріңіздің жемісі», - деп атап өтті Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы құттықтау сөзінде.
Кеңейтілген Ғылыми кеңестің қатысушыларына ШҚТУ-ның 65 жылдығы туралы фильм ұсынылды (оны университеттің YouTube-тегі ресми парақшасынан көруге болады). Сондай-ақ, салтанатты жағдайда ЖОО-ның 300-ден астам қызметкері: "Еңбек ардагері" медальдарымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының Алғыс хаттарымен, Өскемен әкімдігінің Құрмет грамоталарымен, ШҚО Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының грамоталарымен, сондай-ақ ШҚО ректорының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.