Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың №1 жатақханасында "Кикілжіңдер өміріміздің бір бөлігі" атты тренинг өтті. Іс-шараны "Нұрсалауат" Жастар денсаулық орталығының қызметкері жүргізді.
Оның негізгі мақсаты - ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынасты жақсарту. Тренингтің бірінші бөлімі теория түрінде болды. Онда жүргізуші кикілжің мен жанжалдасушылардың іс-әрекеттерінің стратегиялары туралы айтты. Содан кейін, қандай жағдайда, қандай стратегияны қолдану керектігі түсіндірілді.
Практикалық бөлімде "мемлекет" жаттығуы өткізіліп, қатысушылар мемлекетаралық қақтығысты шешіп, диалог барысында оның нақты себептерін анықтап, кейін қайшылықтарды жоюдың ең тиімді стратегиясын таңдау керек болды. Тренинг соңында қатысушылар өз эмоцияларымен бөлісіп, пайда болған идеялары туралы айтып, жүргізушіге алғыстарын білдірді.