«Жасыл кеңсе» дегеніміз не? Тұрақты даму принциптерін қалай енгізу керек? Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Жасыл кеңсе» ережелерін енгізу» тақырыбында тренинг өтті. Ұйымдастырушылар: «Жасыл» экономика мен G-Global дамыту коалициясы ЗТБ, және Нұр-Сұлтан қаласындағы ОБСЕ бағдарламалар кеңсесі.
Алғы сөзді «Жасыл кеңсе» жобасының үйлестірушісі Асыл Оқапова, Басқарма Төрағасы - Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы-ректор м.а. Сәуле Рахметуллина және ШҚО бойынша экология департаментінің өкілі бастады.
Іс шара алаңы ретінде ШҚТУ таңдалуы бекер емес. Университет 2019 жылы білім беру мекемелері арасында үздік «Жасыл кеңсе» атанды. Айта кету керек, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері мен студенттеріне жайлы орта қалыптастыру үшін жаңа жасыл технологияларды енгізуде. Корпустарда ауа датчиктері мен анализаторлары, жылу мен судың берілуін бақылайтын тораптар, бұдан басқа, барлық кабинеттерде энергия үнемдейтін шамдар орнатылған және қоқысты бөлек жинау жүзеге асырылады. Университет аумағын көгалдандыру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Жоба үйлестірушісі Асыл Оқапова 2022 жылғы Үздік "Жасыл кеңсе" байқауының басталуы туралы баяндады. Биыл 10 номинация. Конкурсқа ірі өнеркәсіптік компаниялар, білім беру мекемелері, бизнес құрылымдар, мемлекеттік мекемелер және т. б. қатыса алады.
Жобаға қатысуға өтініш беру үшін www.greenoffice.kaz.org сайтына өту қажет.