Жаратылыстану ғылымдарының онкүндігі аясында 5-ОД-1р, 6-ОД-1р, 7-ОД-1р, 8-ОД-1р, 9-ОД-1р және 10-ОД-1р топ студенттері кураторларымен бірге «Қызықты әлем биологиясы» атты зияткерлік ойында қатысты. Ойын Трофименко Светлана Александровнаның ұйымдастыруымен өтті. Оның мақсаты - биология пәні бойынша студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, интеллектін дамыту және ой-өрісін кеңейту болды.
Ойын барысында студенттер тірі табиғат әлемін тереңірек түсініп, қызықты сұрақтарға жауап беруге тырысты. Қатысушылар үшін ойынның атмосферасы ерекше болды: жағымды жағдай, күтілмеген сұрақтар мен қызықты тапсырмалар барлығына ұнады.
Интеллектуалды ойынның жеңімпазы 5-ОД-1р тобының студенті Четверикова Ксения болып танылды. Жоғары деңгейде өткен ойын барлығына ерекше әсер қалдырды және студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырды.