Ұлттық валюта - теңгенің 30 жылдығы қарсаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері "Шығыс Қазақстан облысында ұлттық валютаны енгізу тарихы" дәрісін тыңдады. Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ардагері (ҚР Ұлттық банкінің ШҚО филиалында 30 жыл) және еліміздегі тарихи оқиғаның тікелей қатысушысы - Жазықбаев Қызырбек Қазыбайұлы сөз сөйледі.
Ол Қазақстан тарихындағы күрделі қаржы жоспары, жаңа банк жүйесі құрылған кезең туралы, оның жалпы республикада, атап айтқанда ШҚО - да қалай өткені туралы, сондай-ақ Қазақстан монета сарайы біздің облысымыздың аумағында неге орналасқандығы туралы айтып берді.
Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің студенттері дәріс барысында ерекше қызығушылық танытты, өйткені баяндама тақырыбы олардың болашақ кәсіби қызметімен - нарықтық экономикамен және қаржылық ұйымдастырумен тығыз байланысты болды.
Тарихи анықтама:
- 1993 жылғы 12 қарашада "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.
- 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енді. Содан бері бұл күн ұлттық валютаның ресми күні болып саналады. Бүгінгі таңда Теңге Тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі болып табылады.