2026 жылғы 24 қарашада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран: Шығыс Қазақстан тарихындағы 238-атқыштар дивизиясы» тақырыбында тарихи-патриоттық дәріс-кездесу өтті. Іс-шараға ШҚТУ студенттері, «Алтын бесік – Мұзтау» клубының мүшелері, Ұлан ауданы Таврия орта мектебінің оқушылары және ШҚО Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Дәріскер-модератор ретінде тарих ғылымдарының кандидаты Қалиева Қ.С. сөз сөйледі.

Кездесу Отан қорғаушыларды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен басталды. ШҚТУ проректоры Ә.Х. Машекенова және Жастар ресурстық орталығының директоры А.Ә. Әділбеков құттықтау сөз сөйледі. Студенттер мен оқушылар 238-атқыштар дивизиясының құрылуы, жауынгерлік жолы, командирлері мен батырлары туралы баяндамалар ұсынды. Бағдарлама «Жадыны қайтарыңдар» хореографиялық композициясымен, өлең оқумен және «Тырналар» әнін қазақ тілінде бірлесіп орындаумен толықты.

Белсенді қатысқаны үшін Таврия орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларына, университет оқытушылары мен студенттеріне алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды. Іс-шара жалпы суретке түсумен, университет бойынша экскурсиямен және Таврия орта мектебінің оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуімен аяқталды.

Осындай кездесулер жерлес жауынгерлер туралы тарихи жадыны сақтауға және тарихи шындықты жас ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді. Олардың ерлігіне тағзым ету студенттер мен оқушылардың бойында отансүйгіштікті, азаматтық жауапкершілікті және ел тарихына деген құрметті қалыптастырады.