Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да 07M07111 - «Механика және металл өңдеу» мамандығы бойынша магистрлік диссертациялар қорғалды. Короблин И.С., Комбаев Б. К., Байгамитова С. Т., Daniel D. E., Смаилова Р. Р. магистрлік диссертацияларының тақырыптары халықаралық нарықта Қазақстан өнеркәсібін дамытудың өзекті аспектілерін қозғады. Магистранттар аттестаттау комиссиясының мүшелеріне жобалау, дайындау, бақылау және пайдалану кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорын өнімінің сапасын арттыруға бағытталған ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелері қызу талқыланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар алынды, сондай-ақ тәуелсіз рецензенттер оң бағалады. Магистрлік диссертацияны сәтті қорғау магистратураның академиялық дәрежесін алудың кілті болып табылады. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Механика және металл өңдеу» білім беру бағдарламасының профессорлық оқытушы құрамының атынан түлектерге шығармашылық табыс пен мансаптық өсуді тілейміз!


Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Халықаралық инженерия мектебінің,
"Механика және металл өңдеу" білім беру бағдарламасының
қауымдастырылған профессоры., К. К. Комбаев