Бүгін Басқарма төрағасы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының қатысуымен ректораттың кезекті отырысы өтті.

Жиналыста халықаралық ғылыми (гранттық) және білім беру (Эрасмус) жобаларын іске асыру, шетелдік ғалымдарды тарту жөніндегі іс-шараны іске асыру, "Таза парақты реттеуші" жобасын іске асыру, 2023-2024 оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ докторанттарының PhD диссертацияларын қорғау талқыланды.

Сондай-ақ, ректорат қатысушылары сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды, университетті дамыту және алға жылжыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.